Бүгін мектебіміздің оқушылары Нұржанұлы Арнур мен Скирда Богдан еріктілерін клубын жинып ,мектебіміздің ауласын , балаларға арналған ойын алаңын, волейбол ойын алаңын түгелдей қоқыстан тазартып шықты. «Туған аулымызды таза ұстайық» акциясы.
Мақсаты:
– Ауыл аумағын тазарту арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру
– Оқушылар мен ауыл тұрғындарының туған жерге деген жауапкершілігін арттыру
– Еріктілер белсенділігін дамыту
Акция барысында ауыл тазарып, оқушылардың табиғатқа, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен белсенділігі артады. Еріктілердің қоғамдық пайдалы еңбекке үлесі бағаланады.